KASE "БТА Банк" АҚ Еншілес ұйымы "БТА Ипотека" АҚ KZP05Y07C112 (KZ2C00000859, BTAIb14) облигацияларын айналым мерзімі өткендіктен, KASE_B* сериясы индекстерінің өкілетті тізімінен алып тастады

03.04.14 16:09
/KASE, 03.04.13/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE немесе Биржа) Индекстер және бағалы қағаздарды бағалау комитеті 2014 жылдың 03 сәуірінен бастап KZP05Y07C112 (KZ2C00000859 KASE ресми тізімі, "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, BTAIb14; 100 тенге, 10,0 млрд тенге, 03.04.07 – 03.04.14; инфляция деңгейі бойынша индекстелген, ағымдық купондық кезеңге жарты жылдық купон, жылдық 5,90 %; 30/360);облигацияларын KASE_BY, KASE_BP және KASE_BC индекстерінің өкілетті тізімінен алып тастады. 2014 жылдың 03 сәуірінен бастап KASE_BP индексін есептегенде KASE 0,9938179 тең түзету коэффициентін (К) қолданады, KASE_BC 0,9925303, KASE_BY – 1,6814376. Аталған датаға дейін KASE_BP индексі үшін (К) 1,0044025, KASE_BC үшін – 0,9925292 және KASE_BY үшін - 1,6814367 тең болған. KASE_BY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индексі. KASE_BC – корпоративтік облигациялардың бағалары бойынша (жинақталған, бірақ төленбеген) сыйақысын есепке алмай ("таза" бағасы бойынша) есептелетін бағалар индексі. KASE_BP – корпоративтік облигациялардың бағалары бойынша барлық тиесілі сыйақысын, соның ішінде төленбегенін, есепке алып есептелетін бағалар индексі. KASE аталмыш индекстердің барлығын күніне бір рет, корпоративтік облигациялардың сауда-саттық нәтижелері бойынша есептейді. Әр атаудағы облигация бағасының индикаторлардың мәніндегі үлес салмағы он бес пайызбен шектеледі. Бұл ретте, KASE қолдануындағы құжаттарға сәйкес, тек орналастырылған және эмитентпен қайта сатып алынбаған облигациялардың көлемі есепке алынады. Шектеу жоғарыда аталған шектеу коэффициенті арқылы жүзеге асырылады. Индекстерді есептеу әдістемесі "Қор нарығының индикаторларын есептеу әдістемесі" атты KASE ішкі құжатымен реттеледі, осы құжатпен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met_kaz.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады. [2014-04-03]