"БТА Банк" АҚ Басқарма құрамындағы өзгерістер туралы хабарлады

04.04.14 12:37
/KASE, 04.04.2014/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "БТА Банк" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына (KASE) ресми хатпен төмендегіні хабарлады: цитата басы "БТА Банк" АҚ (одан әрі – Банк) Банктің Директорлар кеңесінің тағайындау, сыйақы беру және әлеуметтік мәселелер жөніндегі нұсқаулықтарына сәйкес Банктің Директорлар кеңесі төмендегі шешімді қабылдады (2014 жылдың 01 сәуіріндегі №12 іштей дауыс беру хаттамасы): 1. "БТА Банк" АҚ Басқарушы директоры - Басқарма мүшесі Римма Есенқызы Ильясованың өкілеттігі өз бастамасымен, 2014 жылдың "02" сәуірінен бастап тоқтатылсын; 2. "БТА Банк" АҚ Басқарушы директоры - Басқарма мүшесі лауазымына Асқарбек Рамазанұлы Нәбиев 2014 жылдың "02" сәуірінен бастап 2014 жылдың "31" желтоқсанына дейін тағайындалсын; 3. "БТА Банк" АҚ Басқарушы директоры - Басқарма мүшесі Есенбай Жандос Жаңабекұлының өкілеттігі 2014 жылдың "02" сәуірінен бастап мерзімінен бұрын тоқтатылсын; 4. "БТА Банк" АҚ Басқарушы директоры - Басқарма мүшесі лауазымына Қайыржан Махмедұлы Мимикенов 2014 жылдың "02" сәуірінен бастап сайлансын. цитата соңы [2014-04-04]