"Казкоммерцбанк" АҚ XS0190240324 (US48666FAD24, KKGBe5) халықаралық облигациялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

07.04.14 11:29
/KASE, 07.04.14/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2014 жылдың 07 сәуірден бастап "Казкоммерцбанк" АҚ (Алматы) XS0190240324 (US48666FAD24, KASE ресми тізімі, категория "рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санаты, KKGBe5; $400,0 млн; 07.04.04 – 07.04.14, жарты жылдық купон, жылдық 7,875 %, 30/360) халықаралық облигацияларының айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды деп хабарлайды. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне 2004 жылдың 14 қазанынан бастап "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санатына енгізілді, 2008 жылдың 01 қыркүйегінен бастап "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санатына ауыстырылды. Олардың сауда- саттығы 2005 жылдың 14 сәуірінде ашылған. Аталмыш облигациялардың биржада айналыста болу мерзімінде олардың сатып алушы үшін өтелуіне кірістілігі (ашық сауда-саттық әдісімен жасалған мәмілелер бойынша) жылдық -0,46 және 27,19 % аралығында құбылды. 2013 жылы аталмыш облигациялар биржадағы беймемлекеттік бағалы қағаздардың саудалану рейтингінде жасалған мәмілелердің көлемі бойынша 130-шы жайғасымға (нарықтың тиісті айналымынан 0,02%) және корпоративтік облигациялардың осыға ұқсас рейтингінде 96-шы жайғасымға иеленді (0,04 %). [2014-04-07]