2014 жылдың 09 сәуірінен бастап "Великая Стена" Жылжымайтын мүлік қоры" АҚ (Қазақстан) KZ1C56580018 (KZ1C00000090, VSTN) жай акциялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты эмитент бастамасымен KASE ресми тізімінен шығарылды

09.04.14 12:26
/KASE, 09.04.14/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2014 жылдың 09 сәуірінен бастап "Великая Стена" Жылжымайтын мүлік қоры" АҚ KZ1C56580018 (KZ1C00000090, VSTN) айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды деп хабарлайды. KASE 2014 жылдың 20 наурызындағы қорытындысында "Великая Стена" Жылжымайтын мүлік қоры" АҚ төмендегі құжаттарды алғаны анықталды: - 2014 жылдың 12 наурызындағы аталмыш акциялардың ерікті түрде делистингіленуі туралы өтініші; - "Великая Стена" Жылжымайтын мүлік қоры" АҚ акционерінің 2014 жылдың 07 ақпанындағы жағдайындағы аталмыш акцияларды ұстаушылардың тізілім жүйесінен үзінді бойынша акционері алты заңды және 29 жеке тұлға болып табылады. Великая Стена" Жылжымайтын мүлік қоры" АҚ негізгі акционері "INNOVA INVESTMENT" ЖШС (Алматы; "Великая Стена" Жылжымайтын мүлік қоры" АҚ орналастырылған акцияларының жалпы көлемінен 72,49 %); - Акционерлердің 2014 жылдың 11 наурызындағы акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы хаттамасының делистингілегуі туралы көшірмесі, аталмыш акцияларды ресми тізімінен шығару туралы шешімге дауыс берген негізгі акционер және екі миноритарлық акционер ("Великая Стена" Жылжымайтын мүлік қоры" АҚ дауыс беруші акцияларының жалпы санынан 96,67 %), дауыс берді, қалғандары қатысқан жоқ. Жоғарыда айтылған негізінде және биржаның "Листингілік ережелерінің" 19 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес аталмыш акциялар делистингілеуге жатты. Аталмыш акциялар KASE ресми тізіміне 2008 жылдың 26 маусымынан бастап енгізілді, 2008 жылдың 01 қыркүйегінен бастап KASE "инвестициялық қордың бағалы қағаздары" санатына ауыстырылды. Сауда- саттық 2008 жылдың 26 маусымынан бастап ашылды. Аталмыш акциялардың биржада айналым уақытында ашық сауда-саттық әдісімен жасалған мәмілелер бағасы бір акцияға 115 455,00 теңгеден 360 310,83 теңге аралығында құбылды. [2014-04-09]