Fitch "Банк ЦентрКредит" АҚ рейтингілік бағасын төмендетіп, "АТФБанк" АҚ рейтингілік бағасын растады

15.04.14 15:04
/Fitch Ratings, Москва/Лондон, 11.04.14, ағылшын тілінен аудармасы Fitch Ratings, KASE тақырыптамасы/ – Fitch Ratings Банка ЦентрКредит (одан әрі – "БЦК") және оның еншілес ресейдегі құрылымының БЦК-Москва эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингін ("ЭРД") "B+" деңгейінен "B" деңгейіне дейін төмендетті және БЦК-Москва рейтингін қайтып алды. Сонымен қатар, Fitch АТФБанк АҚ рейтингін "B-" деңгейінде растады, болжам "Тұрақты", сондай-ақ Казкоммерцбанктің ресейдегі еншілес құрылымы Москоммерцбанк ("МКБ") ("ККБ", "B"/болжам "Тұрақты"), рейтингін "CCC" деңгейінде растады. Осы хабарламаның орыс тіліндегі толық нұсқасымен KASE интернет- сайтында http://www.kase.kz/ru/news/show/1216983 мекен-жайында танысуға болады. [2014-04-15]