2014 жылдың 20 мамырында "Казкоммерцбанк" АҚ (Қазақстан) акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болып өтеді

17.04.14 17:59
/KASE, 17.04.14/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Казкоммерцбанк" АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк), биржаға 2014 жылдың 20 мамырында сағат 11:00-де банк акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы келесідей күн тәртібімен өтетіні туралы хабарлады: - Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту; - Банктің 2013 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша Басқарма есебін бекіту; - Банктің 2013 жыл бойынша аудиттелген жылдық қаржылық есептілігін бекіту; - Артықшылықты акциялар бойынша дивидендтерді төлеу күнін анықтау; - Банктің 2013 жылғы таза табысын үлестіру тәртібін анықтау: - Банктің резервтік капиталын бөлу; - Банктің 2013 жылғы таза табысын үлестіру; - Банктің Директорлар Кеңесі мүшелеріне төленетін сыйақы мөлшерін бекіту; - Акционерлерді Банктің Директорлар Кеңесі мен Басқарма Мүшелерінің 2013 жылғы сыйақысының құрамы мен мөлшері туралы ақпараттандыру; - Акционерлердің 2013 жылы Банктің және оның лауазымды қызметкерлерінің әрекеттеріне шағымдануы және оларды қараудың нәтижелері бойынша мәселені қарау. Аталмыш жиналыс: Алматы қ., Әл-Фараби д-лы, 34 мекен-жайында болып өтеді. Осы жиналысқа қатысушыларды тіркеу сағат 10:30-дан басталады. Аталмыш жиналысқа қатысуға құқылы акционерлердің тізімі 2014 жылдың 18 сәуіріндегі жағдай бойынша құрастырылады. Кворум жиналмаған жағдайда банк акционерлерінің қайталама жиналысы 2013 жылдың 21 мамырында жоғарыда аталған мекен-жай бойынша сағат 11:00-де өткізіледі. Банк акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібі сұрақтарына байланысты материалдар акционерлер назарына жиналыс өтетін күннен он күн бұрын ұсынылады. Қажетті ақпаратты мына мекенжай бойынша алуға болады: Алматы қ., Әл-Фараби д-лы, 34, 313 - кабинет, телефон +7(727) 2 585 221. Аталмыш жиналыстың өткізілуі туралы, күн тәртібінің сұрақтары бойынша қысқаша мәліметтері берілген, хабарламаның мәтіні KASE интернет- сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/KKGB/kkgb_sobr_170414.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. [2014-04-17]