"Альянс Банк" АҚ (Қазақстан) өзіне қатысты әкімшіліктік шара қолданылғаны туралы хабарлады

21.04.14 10:16
/KASE, 21.04.14/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған"Альянс Банк" АҚ (Алматы, бұдан әрі цитатада – Банк), биржаға жолдаған ресми хатында төмендегі хабарламаны ұсынды: ...Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетінің 2014 жылдың 04 ақпанындағы қаулысына сәйкес әкімшіліктік құқықбұзушылық үшін айыппұл түрінде жаза қолданғаны туралы хабарлады. Аталмыш жаза Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы ҚР Кодексінің 172-2 бабының 4 тармағындағы жүктелген міндеттерді орындамағандықтан қолданылды. [2014-04-21]