KASE ЕСКЕРТЕДІ: ТАРАТУ ҮШІН БИРЖАҒА КЕЛІП ТҮСКЕН, ЖАРИЯЛАНУЫ ТИІС АҚПАРАТТЫҢ РАСТЫҒЫНА KASE ЖАУАП БЕРМЕЙДІ

21.04.14 10:21
/KASE, 21.03.14/ – Бағалы қағаздар және олардың эмитенттері, сондай-ақ Биржа мүшелері туралы Биржаның жариялаған ақпараттың растығына қатысты Қазақстан қор биржасына (KASE) қандай да бір наразылықтың туындауын болдырмау мақсатында KASE келесідей түсініктеме береді. Аталған ақпаратқа қатысты Биржаның ішкі құжаттарында мынадай нормалар белгіленген. "Листингілік ережелер" атты Биржаның ішкі құжатына сәйкес: - ресми тізімдегі, бағалы қағаздар эмитенті және оның қызметі жайлы, биржаға ұсынылуы тиіс, ақпараттың толықтығы, растығы әрі деректілігі үшін жауапкершілік, осы бағалы қағаздардың рұқсат ету бастамашысына жүктеледі; - потенциалды инвесторлардың эмитент және оның бағалы қағаздары жайлы пікірі дұрыс қалыптаспауы мүмкін рұқсат ету бастамашысының расталмаған немесе жалған ақпараты үшін, сондай-ақ рұқсат ету бастамасышының толық емес, расталмаған және дәйексіз ақпарат бергені үшін Биржа жауапты емес. "Биржалық ақпаратты тарату ержелері" атты Биржаның ішкі құжатына сәйкес: - биржада айналысқа жіберілген, бағалы қағаздар эмитенттері туралы ақпаратты таратудың негізгі тәсілі бағалы қағаздардың рұқсат ету бастамашылары мен листингілік компаниялардың ақпаратты ашу бойынша өздерінің міндеттерін орындау мақсатында биржаға ұсынған, құжаттар мәтінін жариялау арқылы, оларды KASE сайтында орналастыру болып табылады; - KASE мүшелері және бағалы қағаздар және олардың эмитенттері туралы KASE тарататын жалпы ақпараттың растығына, егер аталмыш ақпараттар, Биржаның сұрауларына жауап ретінде немесе Биржа мүшелерінің, рұқсат ету бастамашыларының және бағалы қағаздар эмитенттерінің бастамашылығы бойынша ұсынылса, осы мүшелер мен бағалы қағаздар эмитенттерінің KASE алдында міндеттерін орындауына орай ұсынған хабарламалар мен құжаттарға негізделсе, KASE жауапты болмайды, себебі KASE осы ақпаратты өндіру барысында аталған хабарламалар мен құжаттарың растығын тексермейді. Жоғарыда айтылғандардың негізінде, аталған ақпаратты өзінің веб- сайтында кез келген түрде, соның ішінде жаңалықтар түрінде жариялағанда KASE: (рұқсат ету бастамашысының тоқсандық және жылдық есебі, қаржылық есеп берушілігі, аудиторлық есеп, листингілік компаниялардың акциялары және акционерлері жайлы мәліметтер, құжаттарды растайтын көшірмелер, хаттар, баспасөз-хабарламалары және басқа да мүмкін болатын түрлерде алған ақпаратты қолдануға; ақпарат көзін әрдайым көрсетуге; (ақпарат растығын, мұндай ақпарат растығы үшін бүкіл жауапкершілікті ақпарат көзіне жүктей отырып, ешқашан тексермейді; (қандай да бір оқиғаның болғандығын ешқашан бекітіп жарияламайды, бұл оқиға туралы ақпарат көзінің тиісті хабарламасына сілтеме жасайды; (ақпаратты дәлме-дәл (цитаталар, URL-сілтемелері көрсетілген құжаттар ақпараты бар файлдарды орналастыру арқылы) жариялау немесе ақпараттың оның мәтіндік мазмұнына жақын етіп береді; (грамматикалық және семантикалық нормаларды сақтау және ақпаратта қолданылған терминдердің заңнамаға және KASE ішкі құжаттарына сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында ақпаратты редакциялау құқығын өзіне қалдырады. Қаржы нарығына қатысты және, қаржы нарығындағы оқиғалармен қауымдастықты таныстырудың ең тиімді казақстандық каналдардың бірі ретінде Биржа арқылы ақпаратты таратуға мүдделі, түрлі тұлғалардан (мысалы, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларынан және мемлекеттік органдардан) алынған аталмыш ақпаратты Биржаның веб- сайтында жариялау жағдайында да Биржада ұқсас принциптер қолданылады. Бұл ретте Биржаға белгісіз тұлғалар (соның ішінде өздерін қаржы институттарының инвесторлары немесе клиенттері деп атағандар) тарапынан ұсынылған, теориялық жағынан Биржа тексере алмайтын және пәлеқорлық, жала немесе жалған-диффармациялық ретінде бағалануы мүмкін ақпаратты жариялаудан бас тартады. Биржа жарияланған ақпаратты жоққа шығаруды қалаған және оны дәлелдей алатын тұлғалар, биржаға тиісті ресми хат жолдауы тиіс. Аталмыш хат қысқа мерзімде Биржа тарапынан қарастырылады. Биржалық ақпаратты таратудың толық мәтіні Биржаның интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/info_rules.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. [2014-04-21]