21 сәуір күні KazPrime индикаторының мәні өзгерген жоқ, жылдық 6,50 % құрады

21.04.14 11:50
/KASE, 21.04.14/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) фиксинг нәтижесі бойынша 2014 жылдың 21 сәуірінде KazPrime индикаторының мәні алдыңғы сауда-саттық күніне қарағанда өзгерген жоқ, жылдық 6,50% құрады деп хабарлайды. KazPrime индикаторы қазақстандық нарықта банкаралық депозиттерді actual/360 есептік базасымен 3 ай мерзіміне ақшаларды орналастыру мөлшерлемесінің орташа мәнін көрсетеді. Индикатордың актуалды мәнімен және мұрағаттық мәліметтермен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/kz/kazprime мекен-жайы бойынша танысуға болады. [2014-04-21]