"БТА Банк" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы "БТА Секьюритис" АҚ (Қазақстан) "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" Ұлттық корпорациясы" АҚ KZ2C0Y05D869 (KZ2C00000669, PRKRb4) және KZ2C0Y07E152 (KZ2C00001691, PRKRb5) облигациялары бойынша биржадағы маркет-мейкері мәртебесінен бас тартты

23.04.14 14:44
/KASE, 23.04.14/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен "БТА Банк" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы "БТА Секьюритис" АҚ (Алматы) "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" Ұлттық корпорациясы" АҚ (Астана) төмендегі облигациялары бойынша биржадағы маркет-мейкері міндетінен босатылды: - 2014 жылдың 28 сәуірінен бастап KZ2C0Y07E152 (KZ2C00001691, KASE ресми тізімі, "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, PRKRb5; 1 000 теңге, 40,0 млрд теңге; 12.12.11 – 12.12.18; жартыжылдық купон, жылдық 7,50 %; 30/360) облигациялары бойынша; - 2014 жылдың 09 мамырынан бастап KZ2C0Y05D869 (KZ2C00000669, KASE ресми тізімі, "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, PRKRb4; 1 000 теңге, 22,0 млрд теңге; 27.10.10 – 27.10.15; жартыжылдық купон, жылдық 9,00 %; 30/360). Бұл шешім "Маркет-мейкерлер туралы қағида" атты KASE ішкі құжатының 4 бабына сәйкес, маркет-мейкердің өтініші негізінде қабылданды. [2014-04-23]