"БТА Банк" акционерлік қоғамының еншілес ипотекалық ұйымы"БТА Ипотека" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2014 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

15.07.14 17:19
/KASE, 15.07.14/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "БТА Банк" акционерлік қоғамының еншілес ипотекалық ұйымы"БТА Ипотека" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акционерлерінің тізілім жүйесінің 2014 жылдың 01 шілдесіндегі жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған (тек KZ1C44010011 жай акциялары) акцияларының жалпы саны 280 000 000 дана; - компанияның 55 000 000 жай акциясы орналастырылған; - компанияның жалғыз акционері, яғни, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "БТА Банк" АҚ (Алматы) болып табылады. [2014-07-15]