KASE 18 ШІЛДЕДЕ "КАЗКОММЕРЦБАНК" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) KZ1C00400016 (KKGB) ЖАЙ АКЦИЯЛАРЫМЕН САУДА – САТТЫҚТЫ ОЛАРДЫҢ БАҒАСЫ 77,05 % ТӨМЕНДЕУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ТОҚТАТЫЛДЫ

18.07.14 13:20
/KASE, 18.07.14/ – Бүгін алматы уақытымен сағат 11.40 - та Қазақстан қор биржасы (KASE) "Казкоммерцбанк" АҚ (Алматы) KZ1C00400016 (KASE ресми тізімі, бірінші санат, KKGB) жай акцияларымен сауда-саттықты олардың бағасы 77,05 % төмендеуіне байланысты тоқтатып қойды. Сауда-саттық аталмыш акциялармен бір акцияның бағасы 332,80 теңге бойынша мәміле жасаоған соң тоқтатылды. Сонымен қатар KKGB соңғы жасалған мәміле бағасы сауда-саттық күнінің алдында – 2014 жылдың 17 шілдесінде – бір акцияға 1 450,00 теңгені құрады. Қазіргі уақытта биржаға мәлім жедел зерттеулер бойынша мұндай баға "секіруі" қандай да бір биржа мүшесі трейдерінің техникалық қателігі немесе биржаның сауда-саттық жүйесінің жұмысындағы техникалық ақаулар емес деген қорытындыға келді. Сауда-саттықты тоқтату "Бағалы қағаздармен биржалық сауда-саттық жүргізу ережесі" атты KASE ішкі құжатының 12-2 бабының 1 тармағына сәйкес орындалды. Осы ережелерге сәйкес биржа KASE ресми тізімінде тұрған кез келген атаудағы акциялармен сауда-саттық осы атаудағы акциялар бағасы 30 және одан да көп пайызға төмендеген жағдайда, соның алдындағы нәтижелік сауда-саттық сессиясында жасалған осы атаудағы акциялармен жасалған соңғы мәміле бағасына қатысты болса, сауда- саттықты тоқтатады. Егер уәкілетті орган басқа шешім қабылдамаса, тоқтатылған сауда-саттықтар акциялар бойынша жаңа сауда күні басталғанда жаңғыртылады. Бұрын хабарлағандай, KASE Индекстер және бағалы қағаздарды бағалау комитеті 2014 жылдың 17 шілдесінде аталмыш бағаның едәуір өзгеруіне және мәміле көлемінің өкілетті емес болуына байланысты KASE Индексінің мәнінен есептеуден 1 450,00 теңге бойынша мәміле параметрін есептен шығарды. [2014-07-18]