"Казкоммерцбанк" АҚ "КУСА ККБ – 3" ЖШС еншілес ұйымын құрғаны туралы хабарлады

21.07.14 11:17
/KASE, 21.07.2014/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Казкоммерцбанк" АҚ (Алматы), биржаға (KASE), 2014 жылдың 18 шілдесінде баспасөз-хабарламасын ұсынды: ... "Казкоммерцбанк" АҚ (Банк) Банктің "КУСА ККБ – 3" ЖШС еншілес ұйымын құрғаны туралы хабарлады, қатысу үлесі 100%. "КУСА ККБ – 3" ЖШС шағын және орта бизнес және проблемалық жеке несиелер бойынша тартып алынған коммерциялық және тұрғын үй мүліктерін басқаратын болады. ... [2014-07-21]