"КАЗКОММЕРЦБАНК" АҚ АКЦИОНЕРЛЕРДЕН ӨЗІНІҢ KZ1C00400016 (KZ000A0JC858, KKGB) ЖАЙ АКЦИЯЛАРЫН БІР ҚАҒАЗҒА 475,37 ТЕҢГЕДЕН САТЫП АЛҒАНЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАДЫ

22.07.14 17:56
/KASE, 23.07.2014/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Казкоммерцбанк" АҚ (Алматы), биржаға (KASE), 2014 жылдың 22 шілдесінде төмендегі баспасөз-хабарламасын ұсынды: цитата басы "Казкоммерцбанк" Акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Банк) өз акционерлеріне 2009 жылғы 15 қаңтарда "Самұрық-Қазына" АҚ, "Орталық Азия инвестициялық компаниясы" АҚ, Н.С. Субханбердин мырза, "AlnairCapitalHolding" АҚ және Банк арасында жасалған "Казкоммерцбанк" АҚ қатысты Опциондық келісімге (бұдан әрі – "Опциондық келісім") сәйкес, Банктің "Самұрық-Қазына" АҚ-на тиесілі жай акцияларының бір бөлігін сатып алуға байланысты құқығын іске асыруға және Опциондық келісімнің талаптары мен Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес, "Самұрық- Қазына" АҚ-тан Банктің жай акцияларының бір бөлігін сатып алуға ниет білдіретінін жариялайды. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-II "Акционерлік қоғамдар туралы" Заңның 26 бабының 1 тармағына сәйкес, Банк жай акцияларды ұстаушы өзге акционерлерге Банкпен шығарылған (эмиттелген) жай акцияларды Банк бастамасы бойынша төменде көрсетілген талаптармен сатып алуды ұсынады. Банктің сатуға жарияланған жай акцияларының (бұдан әрі – "Акциялар") жалпы саны бір жай акция үшін 475,3667 теңге бағасы бойынша 79 198 025 жай акциядан аспайтын көлемді құрайды (1 ҒДҚ = 2 жай Акция, 1 ҒДҚ бағасы 950,7334 теңгеге тең). Акцияларды сатуға қатысты жазбаша өтініштерді (бұдан әрі – "Өтініштер") орталықтандырылған қабылдау мен өңдеу Банкпен жүзеге асырылады. Өтініштер Банктің www.kkb.kz мекенжайы бойынша корпоративтік веб- сайтында орналастырылған нысандарға сәйкес құрылуы тиіс. Осы хабарландырумен байланысты сұрақтар туындаған жағдайда немесе қосымша ақпаратты, әлде хабарландыруда көрсетілген құжаттарды алу қажет болған жағдайда банктің кКорпоративтік хатшысы Сабурова Майра ханымға (727) 2585-221 телефоны, MSaburova@kkb.kz электронды поштасы арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз. ҒДҚ қатысты сұрақтарыңыз бойынша Ядрихинский Вадим мырзаға (727) 2585-471 телефоны, investor_relations@kkb.kz электронды поштасы бойынша хабарласыңыздар. цитата соңы Осы баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE интернет– сайтында http://www.kase.kz/ru/news/show/1225687 мекен-жайында танысуға болады. [2014-07-232]