Ұлттық Банк Толық қамтамасыз етілген Т+0 сызбасы бойынша бағалы қағаздармен жасалған мәмілелер бойынша есеп айырысу жүргізу (гросс-есептеулер) регламентіне енгізілген түзетулерді бекітті

01.08.14 10:55
/KASE, 01.08.2014/ – Бұрын хабарлағандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Биржалық кеңесінің 2014 жылдың 10 шілдесіндегі шешімімен "Толық қамтамасыз етілген Т+0 сызбасы бойынша бағалы қағаздармен жасалған мәмілелер бойынша есеп айырысу жүргізу (гросс-есептеулер) регламенті" (Регламент) атты KASE ішкі құжатына енгізілген № 2 өзгертулер мен толықтырулар (түзетулер) бекітілді. Түзетулер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне 2014 жылдың 29 шілдесінде мақұлданып, 2014 жылдың 06 тамызынан бастап қолданысқа енгізіледі. Түзетулер мынадай мақсаттарда енгізілді: - сауда-саттыққа қатысушыларын бірінші топтан екіншісіне ауыстыру тәртібі мен мерзімін өзгерту; - арнайы мамандандырылған сауда-саттыққа қатысушының сауда-саттық шотында бағалы қағаздардың жетіспеушілігі себебінен мәмілелер бойынша есеп айырысулардың орындалмауының алдын алу; - тұрақсыздық төлемін (айыппұлды) төлеу тәртібін анықтау; - редакциялық, соның ішінде қайталанатын нормаларды жоққа шығаратын, және Регламенттің құрылымын жақсартуға бағытталған нақытаулар енгізу. Биржалық кеңестің аталмыш шешімімен, 2014 жылдың 13 мамырында бекітілген, Регламентке № 2 өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы шешімі өз күшінен айырылды деп мойындалды. Регламенттің жаңартылған мәтіні, түзетулер мақұлданғаннан кейін, KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/reglament_t+0.pdf мекен-жайы бойынша жарияланады. [2014-08-01]