Fitch агенттігі "БТА Банк" АҚ рейтингілік бағалауларын көтеріп, "Казкоммерцбанк" АҚ рейтингілік бағалауларын растады

19.08.14 11:45
/Fitch Ratings, Мәскеу/Лондон, 15.08.14, ағылшын тілінен Fitch Ratings аудармасы, KASE тақырыптамасы/ – Fitch Ratings агенттігі БТА Банк, Қазақстан, эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингін ("ЭДР") "CCC" деңгейінен "B-" деңгейіне дейін көтеріп, рейтингтерді Rating Watch тізімінде, "Позитивті" бақылауда қалдырды. Бұдан басқа, агенттік Казкоммерцбанк ұзақ мерзімді ЭДР "В" деңгейінде растады, болжамы "Тұрақты". Рейтингілік әрекеттердің толық тізімімен http://www.kase.kz/ru/news/show/1227970 мекен- жайы бойынша танысуға болады. [2014-08-19]