"КАЗКОММЕРЦБАНК" АҚ KZ1C00400016 (KZ000A0JC858, KKGB) ЖАЙ АКЦИЯЛАРЫНЫҢ ЕКІНШІ БӨЛІГІН САТЫП АЛУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАДЫ

04.09.14 17:56
/KASE, 05.09.2014/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Казкоммерцбанк" АҚ (Алматы), биржаға (KASE), 2014 жылдың 04 қыркүйегінде баспасөз-хабарламасын ұсынды: цитата басы "Казкоммерцбанк" АҚ (бұдан әрі - "Банк") 2009 жылғы 15-ші қаңтарда «Самұрық-Қазына» АҚ, «Орталық-Азия инвестицялық компаниясы» АҚ, Н.С. Сұбханбердин мырза, "AlnairCapitalHolding" АҚ және Банк арасында жасалған "Қазкоммерцбанк" АҚ қатысты 2014 жылғы 22-ші шілдеде жарияланған Опциондық келісімнің (бұдан әрі - "Опциондық келісім") екінші бөлігінің орындалуының аяқталғанын хабарлайды. Мәмілелерді тіркеуге берілген бұйрықтардың қорытындысы бойынша банк өзінің 30 676 656 акциясын сатып алады, олардың ішінде 1 676 656 жай акцияларды – миноритарлық акционерлерден (Негізгі активі Банктің жай акциялары болып табылатын жай акциялардың және ҒДК ұстаушылары) және 29 000 000 жай акцияларды - "Самұрық-Қазына" Қорынан. Банктің ірі акционерлері сатып алуларға қатысқан жоқ. Сонымен, банк, мемлекеттің 2009 жылы дағдарысқа қарсы бағдарламасы аясында банктің жай акцияларын сатып алуға бөлінген мемлекеттік қаражатты қайтаруға кірісті. Сол жылы "Самұрық-Қазына" Қоры банктің 1 жай акциясының құны 217,5 теңгені құрайтын 165 517 241 жай акциясын сатып алған болатын. Банктің капиталындағы үлесі үшін Қордың бөлген жалпы сомасы 36 млрд. теңгені құраған. Опциондық келісім келер болсақ, ол банкке және оның негізгі акционерлеріне бірнеше жылдар бойы қордан акцияларды қайтадан сатып алуға құқық беретін. Жай акцияларды сатып алудың бірінші және екінші бөлігінің нәтижесінде банк Қорғдан бір акциясы үшін 475,3667 теңгені құрайтын 80 млн жай акциясын сатып алып, Қорға 38 млрд теңгеден артық соманы қайтарды. Сонымен қатар, Банктің жай акцияларын сатып алу турасындағы хабарламаны жариялаған кезде, миноритарлық акционерлдердің үлесінде 54 957 296 жай акциялар болған, олардың ішінде жартысынан астамы Банкпен бірінші және екінші бөлігінде сатып алынған. Міне, осыған байланысты, емін-еркін айналымдағы Банктің жай акциялардың көлемі азайды. Банк сатып алудың екінші бөлігінің нәтижесі бойынша емін-еркін айналымдағы акциялар санының азаюы турасында Қазақстандық және Лондондық қор биржаларына хабарлайтын болады. Биржалардың шешімдері бойынша Банк өз акционерлеріне қосымша хабарлайтын болады. Осы хабарламаның толық нұсқасымен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/ru/news/show/1229287 мекен-жайында танысуға болады. цитата соңы [2014-09-05]