"БТА Банк" АҚ Басқарма құрамындағы өзгерістер туралы хабарлады

19.09.14 17:45
/KASE, 22.09.2014/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "БТА Банк" АҚ (Алматы, одан әрі цитатада – Банк), биржаға (KASE), ресми хатпен төмендегіні хабарлады: ... ...Банктің Директорлар кеңесінің тағайындау, сыйақы және әлеуметтік мәселелер комитетінің нұсқауына сәйкес, Банктің Директорлар кеңесі төмендегі шешімді қабылдады (2014 жылдың 15 қыркүйегіндегі № 37 шешімі және 2014 жылдың 15 қыркүйегіндегі № 38): 1. "БТА Банк" АҚ Басқармасы мүшесі П.А. Мыңжановтың өкілеттігі тоқтатылсын. 2. "БТА Банк" АҚ Басқарушы директоры – Басқарма мүшесі Молчанова Елена Геннадьевнаның өкілеттігі өзінің бастамасымен 2014 жылдың "10" қазанынан бастап тоқтатылсын. ... [2014-09-22]