"Казкоммерцбанк" АҚ UnionPay International халықаралық төлем жүйесі карталарымен қызмет көрсетуді бастағаны туралы хабарлады

25.09.14 18:24
/KASE, 26.09.2014/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Казкоммерцбанк" АҚ (Алматы, одан әрі цитатада – Банк), биржаға (KASE), 2014 жылдың 24 қыркүйегінде төмендегі хабарламаны ұсынды: ... Казкоммерцбанк UnionPay International (бұрынғы China UnionPay) халықаралық төлем жүйесі карталарымен өз банкомат желілерінде және POS-терминалдарында қабылдауды және қызмет көрсетуді бастады, ал 2015 жылдың басында картаны шығаруды бастауды көздеп отыр. Бұл туралы UnionPay International директорлар кеңесінің мүшесі және бас директоры Цай Цзяньбо (Mr. Cia Jianbo) және Казкоммерцбанк АҚ басқарушы директоры Мағжан Әуезов пен Нұрлан Жағыпаров келіскен болатын. ... Баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/KKGB/kkgb_reliz_250914.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2014-09-26]