"Казкоммерцбанк" АҚ 2014 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс нәтижесі туралы хабарлады

30.09.14 18:05
/KASE, 30.09.14/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Казкоммерцбанк" АҚ (Алматы) 2014 жылдың 30 қыркүйегінде баспасөз-хабарламасын ұсынды: ... Казкоммерцбанк 2014 жылдың 30 маусымына аяқталған, аудитор шолуына сәйкес құрастырылған, шоғырландырылған қаржылық есептілікке негізделген 6 айдың жұмыс қорытындысы нәтижесін жариялады. 2014 жылдың бірінші жартыжылдығындағы негізгі көрсеткіштер: - Казкоммерцбанк 2014 жылдың 30 маусымына "БТА Банк" АҚ 46,5% акцияларын сатып алу бойынша мәміле жасауды аяқтады. "Самұрық- Казына" Қоры БТА Банкке қалған 4,26% акциясын Казкоммерцбанк сенімді басқармасына тапсырды, ол Банкке БТА Банкіне операциялық бақылау жасап отыруды қамтамасыз етті. - "БТА Банк" АҚ сатып алу есептік тоқсанның соңғы күні жүргізілгендіктен, оны шоғырландыру 2014 жылдың 6 айындағы шоғырландырылған есептіліктің теңгерімдік көрсеткіштеріне әсер етті. - Активтер 2013 жылдың соңына қарай 2 586 млрд. теңгеден 4 341 млрд. теңгеге яғни 67,9%-ға артты. - Депозиттер 2014 жылдың басынан 46,2% артып, 2 459 млрд. теңгеге жетті. - 1-ші деңгейдегі капитал баламалылығы коэффициенті 13,1% құрады. - Банктің жеке капиталының баламалылық коэффициенті 14,7% құрады. - Түзетілген таза пайыздық маржа 3,9%. - 2014 жылдың бірінші жартыжылдығына банктің таза табысы 13,9 млрд. теңгені құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,8 млрд. теңге. - Клиенттердің ссудалары бойынша резервтеу мөлшерлемесі 59,6% құрады. ... Аталмыш ақпараттың толық нұсқасымен KASE интернет-сайтында: - орыс тілінде - http://www.kase.kz/files/emitters/KKGB/kkgb_reliz_300914.pdf; - ағылшын тілінде - http://www.kase.kz/files/emitters/KKGB/kkgb_reliz_300914_en.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады. [2014-09-30]