"КАЗКОММЕРЦБАНК" АҚ ЖӘНЕ "БТА БАНК" АҚ "БТА БАНК" АҚ ШЫҒАРҒАН ОБЛИГАЦИЯЛАРДЫ XS0867478124 (XS0867573890, BTASE16) ҰСТАУШЫЛАРДЫҢ ЖИНАЛЫСЫН ӨТКІЗЕТІНІН ХАБАРЛАЙДЫ

17.10.14 17:19
/KASE, 20.10.2014/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Казкоммерцбанк" (Алматы), биржаға (KASE), 2014 жылдың 17 қазанында баспасөз-хабарламасын ұсынды: цитата басы 2014 жылғы 14-ші қазан – «БТА Банк» АҚ және «Қазкоммерцбанк» АҚ «БТА Банк» АҚ шығарған 5,5% купондары мен 2022 жылы өтелетін сомасы 750 миллион АҚШ долларын құрайтын Облигацияларды ұстаушылардың жиналысын өткізетінін хабарлайды (Reg S ISIN: XS0867478124 / 144A ISIN: XS0867573890; Reg S Common Code 086747812 / 144A Common Code 086757389). Келісім жайындағы Өтініштің шарттарына сәйкес ҚКБ мен БТА құнды қағаздардың ұстаушыларына 2014 жылғы 17-ші қазандағы Келісім туралы Өтініш бойынша Меморандумда белгіленген және төменде қысқаша көрсетілген Облигациялардың шарттары мен Сенімгерлік Келісім және Шарттарға, сондай-ақ облигациялардың Ережесіне белгілі Ұсынылған Өзгерістер және Сенімгерлік Келісімге тиісті өзгерістер бойынша БТА Эмитентін ҚКБ-ға ұсынылған Өзгертулерді мақұлдауды сұрайды. Келісім туралы Өтініш бойынша Меморандумда толық көрсетілгендей ұсынылған Эмитентті Өзгерту Сенімгерлік Келісімдегі Облигациялар бойынша негізгі қарызгер ретінде БТА-ны ҚКБ-ға өзгертеді. Және Ұсынылған Өзгерістер Сенімгерлік Келісімнің және Облигациялардың Ережесі мен Шарттарының белгілі нормаларын өзгертеді, олардың ішінде: ( ҚКБ-ның ұқсас шарттарың бейнелеу үшін конвенанттар мен дефолт жағдайлары шарттарының үйлесімділігі; ( осыған байланысты опцион-пут және бақылауды ауыстыру жөніндегі ережені алып тастау; ( және осындай өзгерістерді бейнелеу үшін Сенімгерлік Келісім және Облигацияларды шығару бойынша Шарттар мен Ережелерде қолданылатын тиісті анықтамалар мен өзге де шарттар. Құнды қағаздарды ұстаушылары Ұсынылған Өзгерістер мен Ұсынылған Ауыстырудың өз күшіне ену үшін Кезектен тыс Шешімдегі екі тармақты мақұлдауы тиіс. Осы хабарламада үлкен әріппен жазылған терминдер Келісім туралы Өтініш бойынша Меморандумның шарттарында берілген анықтамаға ие. Келісім туралы Өтініш бойынша Меморандумда көрсетілгендей, егер де Кезектен тыс Шешімнің екеуі де мақұлданса және Осы Кезектен тыс Шешімдерге сәйкес Ұсынылған Ауыстыру және Ұсынылған Өзгерістер тиісті қол қою бойынша және Сенімгерлік келісімге сәйкес Сенімгерлік келісімге Қосымша келісім ұсыну арқылы іс-жүзіне асатын болса, және де Алдыңғы Шарттардың барлығы қанағаттандырылса, онда БТА (ҚКБ мен кеңестерді алған соң) Ұсынылған Ауыстыру және Ұсынылған Өзгерістерге Келісімді толтырған немесе ұсынған, немесе Келісім туралы Өтініштің аяқталу Күніне дейін ұсынған, болмаса Жиналысқа қатысып, екі Кезектен тыс Шешімді мақұлдаған Облигация Ұстаушыларына Облигациялар бойынша Төлем Күніне сәйкес негізгі қарыздың әр 1000 АҚШ долларына 2,5 АҚШ доллардан төлейтін болады. Келісім туралы Өтініштің аяқталу күні мен уақыты: 2014 жылғы 6-шы қараша (ҚКБ мен кеңестерді өткізген соң (БТА-ның бастамасы бойынша мерзім ұзартылуы немесе қысқартылуы мүмкін) сағат 15:00 (Лондон уақыты бойынша) деп белгіленген. Облигациялардың Ұстаушылары Келісім туралы Өтініштің шарттары туралы егжей-тегжейлі танысу үшін және процедураларына қатысу үшін Келісім туралы Өтініш бойынша Меморандуммен танысуы қажет. Келісім туралы Өтініш бойынша материалдардың толық топтамасын Келісім туралы Өтініш бойынша Агентке немесе деректерді өндеу және ақпараттандыру Агентіне хабарласу арқылы алуға болады. Келісім Өтініші бойынша Агент: J.P. Morgan Securities plc (+44 207 134 2468 / emea_lm@jpmorgan.com) Деректерді өндеу және ақпараттандыру Агенті: D.F. King (Europe) (+44 207 920 9700 / bta@king-worldwide.com) БҰЛ ХАБАРЛАНДЫРУ КЕЛІСІМ ТУРАЛЫ ӨТІНІШКЕ ҚАТЫСУ ҰСЫНЫСЫ РЕТІНДЕ ҚАРАСТЫРЫЛМАЙДЫ. цитата соңы [2014-10-20]