2014 жылдың 20 қазанынан бастап "ҰларҮмiт" Жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ KZ1C34810016 (KZ1C00000926, UUPF) жай акциялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты эмитент бастамасымен KASE ресми тізімінен шығарылды

20.10.14 18:10
/KASE, 20.10.14/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2014 жылдың 20 қазанынан бастап "ҰларҮмiт" Жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ (Алматы) KZ1C34810016 (KZ1C00000926, UUPF) айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды деп хабарлайды. KASE 2014 жылдың 14 қазанындағы қорытындысында аталмыш акцияларды делистингілеу туралы мәселені қарстыру үшін "ҰларҮмiт" Жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ төмендегі құжаттарды алғаны анықталды: - 2014 жылдың 09 қазанындағы аталмыш акциялардың ерікті түрде делистингіленуі туралы өтініші; - аталмыш акцияларды делистингілеу туралы шешім қабылданған 2014 жылдың 29 қыркүйегіндегі "ҰларҮмiт" Жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ акционерлердің жалпы жиналысының №50 хаттамасынан көшірмесі; - аталмыш акцияларының тізімін ұстаушылардың жүйесінен көшірмесіне сәйкес "ҰларҮмiт" Жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ акционерлері төрт заңды тұлға және бір жеке тұлға болып табылады. Қордың негізгі акционері - "БТА Банк" АҚ. Жоғарыда айтылған негізінде және биржаның "Листингілік ережелерінің" 19 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес аталмыш акциялар делистингілеуге жатты. Аталмыш акциялар KASE ресми тізіміне 2012 жылдың 27 желтоқсанынан бастап енгізілді. Олармен сауда-саттық 2013 жылдың 19 наурызынан бастап ашылды. Аталмыш акциялардың айналыдағы уақытында биржада мәміле жасалған жоқ. [2014-10-20]