"БТА Банк" АҚ Еншілес ұйымы "БТА Ипотека" АҚ KZ2C0Y10B251 (KZ2C00000842, BTAIb2) облигациялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

21.10.14 11:35
/KASE, 21.10.14/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2014 жылдың 21 қазанынан бастап "БТА Банк" АҚ Еншілес ұйымы "БТА Ипотека" АҚ (Алматы) KZ2C0Y10B251 (KZ2C00000842, KASE ресми тізімі, категория "рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санаты, BTAIb2; 1 тенге, 1,5 млрд тенге, 21.10.04 – 21.10.14; жарты жылдық купон, жылдық 7,50 %, 30/360) облигацияларының айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды деп хабарлайды. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне 2004 жылдың 21 қазанынан бастап "А" санаты бойынша енгізілді, 2008 жылдың 01 қыркүйегінен бастап KASE ресми тізіміне "рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатына, 2010 жылдың 01 апанынан бастап KASE ресми тізімінің "рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатына енгізілді. Олардың сауда-саттығы 2004 жылдың 26 қазаннан бастап ашылған. Аталмыш облигациялардың биржада айналыста болу мерзімінде олардың сатып алушы үшін өтелуіне кірістілігі (ашық сауда-саттық әдісімен жасалған мәмілелер бойынша) жылдық 7,97 -тен 69,00 % аралығында құбылды. [2014-10-20]