"Банк ЦентрКредит" АҚ "БТА Банк" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы "БТА Ипотека" акционерлік қоғамының KZ2C0Y10B251 (KZ2C00000842, BTAIb2) ипотекалық облигациялары өтелгені туралы хабарлады

23.10.14 12:45
/KASE, 23.10.2014/ – "БТА Банк" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы "БТА Ипотека" акционерлік қоғамының KZ2C0Y10B251 (KZ2C00000842, BTAIb2; 1 теңге, 1,5 млрд теңге; 21.10.04 – 21.10.14, инфляция деңгейімен индекстелген жарты жылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге жылдық 7,50 %; 30/360) ипотекалық облигацияларын ұстаушыларының өкілі болып табылатын, "Банк ЦентрКредит" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына (KASE) жолдаған ресми хатында былай деп мәлімдеді: "БТА Ипотека" АҚ ұсынған мәліметтерге негізделе отырып, 2014 жылдың 21 қазанында ҰСН KZ2C0Y10B251 (BTAIb2) облигациялары бойынша 502 421 000,00 (Бес жүз екі миллион төрт жүз жиырма бір мың теңге 00 тиын) көлеміндегі негізгі қарыз және 18 840 787.50 (Он сегіз миллион сегіз жүз қырық мың жеті жүз сексен жеті теңге 50 тиын) көлемінде купондық сыйақысы төленді. 2014 жылдың 21 сәуірінен 20 қазанына дейінгі кезеңдегі жылдық 7,5% мөлшерлемесі 18 840 787.50 (Он сегіз миллионсегіз жүз қырық мың жеті жүз сексен жеті теңге 50 тиын) құрады. Негізгі қарызды төлеу сомасы 502 421 000,00 (Бес жүз екі миллион төрт жүз жиырма бір мың теңге 00 тиын) құрады. [2014-10-23]