"БТА Банк" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы "Лондон-Алматы" сақтандыру компаниясы" АҚ "БТА Инвестиционный" тәуекелдік инвестициялаудың жабық пайлық инвестициялық қорының акционерлер құрамынан шыққаны туралы хабарлады

24.10.14 16:47
/KASE, 24.10.14/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "БТА Банк" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы "Лондон-Алматы" сақтандыру компаниясы" АҚ (Алматы, бұдан әрі – Қоғам), биржаға 2014 жылдың 22 қазанында жолдаған ресми хатында былай деп мәлімдеді: ... Қоғамның акционері "БТА Инвестиционный" тәуекелдік инвестициялаудың жабық пайлық инвестициялық қоры (ТИЖПИҚ) өзіне тиесілі 7040 жай акцияны (орналастырылған жай акциялардың 0,4693%) "БТА Инвестиционный" ТИЖПИҚ жабылуына байланысты "БТА Банк" АҚ есебіне аударды. Нәтижесінде "БТА Инвестиционный" ТИЖПИҚ Қоғам акционерлерінің құрамынан толық шықты. [2014-10-24]