2014 жылдың 02 желтоқсанында "Эксимбанк Қазақстан" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болып өтеді

31.10.14 11:09
/KASE, 31.10.14/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Эксимбанк Қазақстан" АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк), биржаға 2014 жылдың 02 желтоқсанында сағат 12.00-де банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болып өтетіні туралы хабарлап, ескертпе жолдады, жиналыстың күн тәртібінде: - банктің жаңа редакциядағы жарғысын бекіту туралы; - банктің корпоративтік кодексінің жаңа редакциясын бекіту туралы; - банктің Директорлар кеңесі туралы қағиданың жаңа редациясын бекіту туралы; - банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғамен, түрлі валютадағы шоттарды ашу бойынша, банктің мүддесі бар мәміле жасасуы туралы; - банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғамен, банктік салымдарды орналастыру бойынша, банктің мүддесі бар мәміле жасасуы және мақұлдауы туралы; - банктің орналастырылған акцияларын кері сатып алу ережелерін бекіту және акцияларды кері сатып алғанда олардың құнын анықтау әдістемесін анықтау туралы. Аталмыш жиналыс: Алматы қ., Бөгенбай батыр көш, 80 мекен-жайында өтеді. Жинадысқа қатысушыларды тіркеу сағат 11.30-да басталады. Осы жиналысқа қатысуға құқылы акционерлердің тізімі 2014 жылдың 28 қазанындағы жағдай бойынша құрастырылады. Кворум жиналмаған жағдайда банк акцияонерлерінің қайталама жалпы жиналысы 2014 жылдың 03 желтоқсанында сол жерде, сол уақытта өткізіледі. Аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі сұрақтардың материалдарымен акционерлер банктің атқарушы органы орналасқан мекен-жай бойынша, 2014 жылдың 21 қарашасынан бастап таныса алады. [2014-10-31]