Ұлттық Банк "Орталық-Азия отын-энергетикалық компаниясы"АҚ акцияларын 2014 жылдың 13 наурызынан 12 қыркүйгіне дейінгі кезеңде орналастыру нәтижелері туралы есебін бекітті

31.10.14 11:13
/KASE, 31.10.14/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Орталық-Азия отын-энергетикалық компаниясы"АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания), биржаға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (Ұлттық банк) 2014 жылдың 23 қазанындағы акцияларды орналастыру нәтижелері туралы есебін бекіту туралы ескерту хатының көшірмесін ұсынды. Ұсынған хатқа сәйкес: - Ұлттық Банк компания акцияларының 2014 жылдың 13 наурызынан 12 қыркүйгіне дейінгі кезеңде орналастыру нәтижелері туралы есебін бекітті; - Есептік кезеңде компания акцияларын орналастыру жүзеге асырылмаған, 2014 жылдың 12 қыркүйегіндегі жағдай бойынша банктің 66 723 461 жай акциясы орналастырылмаған, оның жарғылық капиталы 17 022 347 000,00 теңге көлемінде қалыптасты. Аталмыш облигацияларды орналастыру қорытындысы туралы есебі KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/CTEC/ctec_razm_231014.pdf мекен-жайында жарияланды. [2014-10-31]