Ұлттық Банк "Golden Compass Capital" KZ2C0Y10E396 (KZ2C00001956, GLDCb1) облигацияларын орналастыру 2014 жылдың 11 қаңтарынан 10 шілдесіне дейінгі кезеңде орналастыру нәтижелері туралы есебін бекітті

31.10.14 16:31
/KASE, 31.10.14/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Golden Compass Capital" АҚ (Алматы), биржаға жолдаған ресми хатында "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2014 жылдың 11 қаңтарынан 10 шілдесіне дейінгі кезеңде KZ2C0Y10E396 (KZ2C00001956, KASE ресми тізімі, "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, GLDCb1; 1 теңге, 8,0 млрд. теңге; 10.01.13 – 10.01.23; жартыжылдық купон, жылдық 12,00 %; 30/360) облигацияларын орналастыру нәтижелері туралы есепті бекітті" деп мәлімдеді. Ұсынылған хатқа сәйкес, есептік кезеңде қоғамның акциялары орналастырылған жоқ, 2014 жылдың 10 шілдесіндегі жағдай бойынша қоғамның 2 991 389 696 облигациясы орналастырылған. Аталмыш облигацияларды орналастыру туралы есеп KASE интернет- сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/GLDC/gldc_razmb1_311014.pdf мекен-жайында жарияланған. [2014-10-31]