"Каспий Лимитед" ЖШС өзінің сомасы 5,5 млрд теңге мүлігін кепілге қоюды көздегені туралы хабарлады

23.10.14 18:22
/KASE, 23.10.14/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Каспий Лимитед" ЖШС (Атырау, бұдан әрі – ұйым), биржаға жолдаған ресми хатында былай деп мәлімдеді: ... "Каспий Лимитед" ЖШС "Казинвестбанк" акционерлік қоғамымен қаржыландыру туралы келісімін жасасып, Қазақстан Республикасы, Атырау қ., Смағұлов көш., 1 мекен-жайында орналасқан көлемі 1,7320 га жер телімін жылжымайтын мүлікті қамтамасыз ету (кепілген қайта қою) ретінде ұсынуды көздегені туралы хабарлайды: 1. Ұйым органының ұйым мүлігін кепілге қою туралы шешім қабылдаған күні: Жалғыз қатысушының 13.10.2014ж. шешімі; 2. Ұйым мүлігін кепілге қою датасы мен мүліктің кепілген қойылу мерзімі: Кепілзат туралы келісім-шарт ақпарат беру датасына жасалмаған, Кепілзат мерзімі - 36 ай; 3. Кепілге қойылатын ұйым мүлігінің нарықтық бағасы 5 567 572 919 (бес миллиард бес жүз алпыс жеті миллион бес жүз жетпіс екі мың тоғыз жүз он тоғыз) теңге немесе 30 607 878 (отыз миллион алты жүз жеті мың сегіз жүз жетпіс сегіз) АҚШ долларын құрайды; 4. Кепілге қойылатын, ұйым мүлігінің соңғы бағалау датасы: 2014 жылдың 09 қазаны. 5. Осы ұйымның акцтивтерінің жалпы құнына шаққандағы, мүліктің нарықтық құнының пайыздық қатынасы: 30%. [2014-10-23]