"КАЗКОММЕРЦБАНК" АҚ "БТА БАНК" АҚ KZ1C34920013 (KZ000A0KFFC1, BTAS) ЖАЙ АКЦИЯЛАРЫН К.Х. РАКИШЕВТІҢ ПАЙДАСЫНА ӨТЕУСІЗ ӨТКІЗІП БЕРУДІ АЯҚТАҒАНЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАДЫ

11.11.14 18:22
/KASE, 12.11.2014/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Казкоммерцбанк" АҚ (Алматы), биржаға (KASE), ресми хатпен баспасөз-хабарламасын ұсынды: ... "Казкоммерцбанк" АҚ (ККБ) "БТА Банк" АҚ (БТА) азамат К.Х. Ракишевтің пайдасына бір акцияға 0,24162 теңгеден өтеусіз 0,92 % жай акцияларды өткізіп беруді аяқтағаны туралы хабарлады. Аталмыш мәміле азамат К.Х. Ракишев ККБ-тен сатып алған жай акцияларды бөлу туралы бұрын қол жеткізген келісімдерін орындау мақсатында жүзеге асырылды. Сатып алған акцияларды бөлген соң БТА акционерлері-жай акцияларды ұстаушыларының құрамы төмендегідей болды: --------------------------------------- Акционерлер саны үлесі --------------- --------------- ------- Казкоммерцбанк 304 187 299 781 47,415% Кеңес Ракишев 304 187 299 781 47,415% Самұрық-Қазына* 27 351 461 050 4,26% Миноритарилер 5 769 817 498 0,91% Барлығы 100% --------------------------------------- *"Самұрық-Казына" ҰӘҚ АҚ меншігіндегі БТА акциялары ККБ пайдасына дауыс беру құқығымен берілді. ... [2014-11-12]