"Казкоммерцбанк" АҚ KZP02Y05D707 (KZ2C00002863, KKGBb10) облигациялары 12 қарашадан бастап KASE ресми тізімінің "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді

12.11.14 11:21
/KASE, 12.11.14/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2014 жылдың 07 қарашасындағы шешімімен "Казкоммерцбанк" АҚ (Алматы) KZP02Y05D707 (KZ2C00002863, 1 000 теңге, 60,0 млрд теңге; 12.11.14 – 12.11.19, жылдық 8,4 % жарты жылдық купон; 30/360) облигациялары KASE ресми тізіміне "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді: Листингілік комиссиясының аталмыш шешімі 2014 жылдың 10 қарашасынан бастап, эмитент KASE "Листингілік ережелер" атты ішкі құжатының 18 бабының 1 тармағында 2 тармақшасында белгіленген шарттарды орындағаннан кейін, күшіне енді. Аталмыш облигациялар бойынша KASE сауда-саттық ашылуы туралы қосымша жарияланады. Аталмыш облигациялардың андеррайтері және қаржы кеңесшісі "Казкоммерц Секьюритиз" АҚ ("Казкоммерцбанк" АҚ еншілес ұйымы) (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигациялардың ұстаушы өкілдері "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы - "BCC Invest" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларға KKGBb10 қысқартылған белгісі (сауда коды) берілді. Осы облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпараттар, айтылмыш KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/kkgb мекен-жайы бойынша жарияланған. [2014-11-12]