БИРЖАДА 05 ҚАРАШАДАН 03 ЖЕЛТОҚСАНҒА ДЕЙІН "ХАЛЫҚТЫҚ IPO" БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА "KEGOC" АҚ KZ1C34930012 (KZ1C00000959, KEGC) ЖАЙ АКЦИЯЛАРЫНА ЖАЗЫЛУ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

26.11.14 09:46
/KASE, 26.11.14/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе биржа) "Халықтық IPO" үкіметтік бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2014 жылдың 05 қарашасынан 03 желтоқсанына дейін биржаның сауда-саттық жүйесінде "KEGOC" АҚ (Астана, одан әрі – "KEGOC" АҚ) (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) KZ1C34930012 (KZ1C00000959, KASE ресми тізімі, бірінші санат, KEGC) жай акцияларына жазылу арқылы алғашқы орналастыру жүргізіледі. Аталмыш акцияларға жазылу жүргізілген кезде сатушы ретінде (Алматы, одан әрі – Сатушы) "Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ қатысады. Орналастырылған акциялардың саны – 25 999 999 дана. Бір акцияға бағасы – 505 теңге. Жазылу жүргізу кезіндегі бағалы қағаздардың коды – KEGC. Жазылу аясында өтінімдерді қабылдау жұмыс күндері алматы уақытымен (ALT) сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін жабық тәсілмен жүргізіледі Инвесторлардан өтінімдерді биржа мүшелері 03 желтоқсанға дейін қоса қабылдайды. Биржа өз мүшелерінен 09 желтоқсанға дейін біріккен өтінімдерді қабылдайды. Сатушыға биржа қабылдаған өтінімдер тізбесін ұсыну уақыты – 2014 жылдың 10 желтоқсаны. Қанағаттандырылған өтінімдердің тізбесін биржаға ұсыну күні – 2014 жылдың 15 желтоқсаны. Жазылым нәтижесі бойынша есептеулердің басталу күні – 2014 жылдың 18 желтоқсаны. Сатып алушыларға берілген өтінімдерде акциялардың максималды санына шектеулер жоқ. Жеке тұлғалар жазылымға қатысу үшін биржаға өтінімді тек биржаның қор нарығының мүшелері арқылы ғана бере алады. Биржаның қор нарығының мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/ru/membership мекен-жайында берілген. Биржаның жауапты қызметкерлерінің контактілері биржаның сайтында http://www.kase.kz/ru/page/ipo меен-жайында берілген. Акцияларға жазылым өткізу ережесі KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf мекен-жайында жарияланады. Осы хабарламаның орыс тіліндегі толық нұсқасымен KASE интернет- сайтында http://www.kase.kz/news/show/1234070 мекен-жайында танысуға болады. [2014-11-26]