2014 жылдың 26 желтоқсанында "Казкоммерцбанк" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болып өтеді

26.11.14 17:26
/KASE, 26.11.14/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Казкоммерцбанк" АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк), биржаға 2014 жылдың 26 желтоқсанда сағат 11:00-де банк акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы келесідей күн тәртібімен өтетіні туралы хабарлады: - Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту; - "БТА Банк" АҚ мақсаттық үлгісі мен банктің біріктіру шарттарын бекіту; - Базалық активтері Лондон қор биржасында (LSE) шығарылған, KASE және GDR шығарылған банктің жай акцияларын ерікті делистингілеу туралы шешім қабылдау; - Директорлар кеңесіне банктің жай акцияларын сатып алу және сату тәртібін мақұлдауды ұсыну. Аталмыш жиналыс: Алматы қ., Әл-Фараби д-лы, 34 мекен-жайында болып өтеді. Осы жиналысқа қатысушыларды тіркеу сағат 10:30-дан басталады. Аталмыш жиналысқа қатысуға құқылы акционерлердің тізімі 2014 жылдың 26 қарашасындағы жағдай бойынша құрастырылады. Кворум жиналмаған жағдайда банк акционерлерінің қайталама жиналысы 2013 жылдың 27 желтоқсанындағы жоғарыда аталған мекен-жай бойынша сағат 11:00-де өткізіледі. Банк акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібі сұрақтарына байланысты материалдар акционерлер назарына жиналыс өтетін күннен он күн бұрын ұсынылады. Қажетті ақпаратты мына мекенжай бойынша алуға болады: Алматы қ., Әл-Фараби д-лы, 34, 313 - кабинет, телефон +7(727) 2 585 221. Аталмыш жиналыстың өткізілуі туралы, күн тәртібінің сұрақтары бойынша қысқаша мәліметтері берілген, хабарламаның мәтіні KASE интернет- сайтында - орыс тілінде – http://www.kase.kz/files/emitters/KKGB/kkgb_reliz_261114.pdf; - ағылшын тілінде – http://www.kase.kz/files/emitters/KKGB/kkgb_reliz_261114_e.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. [2014-11-26]