/ҚАЙТАЛАУ/ 2014 ЖЫЛДЫҢ 29 ҚАЗАНЫНАН БАСТАП KASE САУДА-САТТЫҒЫНА, ӨТЕЛУІ 2024 ЖӘНЕ 2044 ЖЫЛҒЫ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕУРООБЛИГАЦИЯЛАРЫ ЖІБЕРІЛДІ

04.12.14 18:24
/KASE, 05.12.2014, 29.10.14 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды: 2014 жылдың 29 қазанынан бастап KASE сауда- саттығының "Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторында Қазақстан Республикасының мынадай еурооблигациялары жіберілді: - XS1120709669 (US486661AE13, 14.10.14 – 14.10.24, $1 500 млн, жылдық 3,875%тиянақталған жарты жылдық купон; 30/360); - XS1120709826 (US486661AF87, 14.10.14 – 14.10.44, $1 000 млн, жылдық тиянақталған жарты жылдық купон 4,875%; 30/360). Осылар бойынша KASE сауда-саттық жүйесіндегі баға белгілеуінің дәлдігі үтірден кейінгі төртінші таңбаға дейін деп анықталған. Еурооблигациялар биржада таза бағамен (жинақталған сыйақысысыз) бағасы белгіленіп, номиналды құнына қатынасты пайызбен көрсетіледі. "Қазақстан қор биржасы" АҚ мүшелерін, қаржы құралдарын және бағалы қағаздардың эмитенттерін кодтау тәртібі туралы Нұсқаулыққа сәйкес, аталмыш еурооблигацияларға тиісінше KZ_05_2410 және KZ_06_4410 қысқартылған белгілері (сауда-саттық кодтары) берілді. KASE дербес облигациялардың отандық сауда-саттық алаңындағы өтімділігін қолдауға, өзіне олардың маркет-мейкері мідеттерін алуға Биржа мүшелерін шақырады. Аталмыш еурооблигациялардың шығарылымы 2014 жылдың 24 қыркүйегіндегі, сомасы 10 млрд. АҚШ доллар, Орта мерзімді ноталардың бағдарламасы шегінде жүзеге асырылды. Қазақстан капиталдың сыртқы нарықтарына 14 жыл бойы шықпаған. Төменде алдыңғы еурооблигациялардың параметрлері берілген: --------------------------------------------------------------------- Шығарылым датасы Валютасы Құрылымы Көлемі, Мерзімі, Купон Бағасы, % млн жыл жылдық% ---------------- -------- -------- ------- -------- ------- --------- 20.12.1996 USD 144/A 200 3 9,250 99,872 02.10.1997 USD 144/A 350 5 8,375 99,779 18.10.1999 USD 144/A 300 5 13,625 98,875 (негізгі шығарылым) 11.05.2000 USD 144/A 350 7 11,125 98,347 --------------------------------------------------------------------- http://www.minfin.gov.kz/ Қаржы министрлігі сайтының материалдары бойынша Осы тақырып бойынша пайдалы сілтемелер: - "Қазақстан қор биржасы" АҚ мүшелерін, қаржы құралдарын және бағалы қағаздар эмитенттерін кодтау тәртібі туралы нұсқаулық - http://www.kase.kz/files/normative_base/code_fins.pdf - Бағалы қағаздардың биржалық сауда-саттығының ережелері - http://www.kase.kz/files/normative_base/rules.pdf - Сауда-саттық регламеті және Растау жүйесінің жұмысы - http://www.kase.kz/files/normative_base/reglament_trade.pdf [2014-12-05]