"Казкоммерцбанк" АҚ (Қазақстан) өзінің KZ1P00400112 (KZ0005416453, KKGBp) артықшылықты акциялары бойынша 2013 жылға дивидендтер төлеуді көздеп отыр

08.12.14 10:16
/KASE, 08.12.14/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Казкоммерцбанк" АҚ (Алматы) 2014 жылдың 05 желтоқсанында биржаға баспасөз-хабарламасын жолдап былай деп мәлімдеді: ... "Казкоммерцбанк" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "Банк") Банк акционерлерінің 2014 жылдық 21 ақпанында өткен жылдық жалпы жиналысының шешіміне және Қазақстан Республикасының "Акционерлік қоғамдар туралы" Заңының 24 бабы 3 тармағына сәйкес Банк акционерлеріне артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер төленетіні туралы хабарлайды: 1) Банк атауы – "Казкоммерцбанк" акционерлік қоғамы; орналасқан жері – Қазақстан Республикасы, 050060, Алматы қ., Гагарин д-лы 135 "ж"; Банктің банктік және өзге де деректемелері – БЖК KZKOKZKX; СТН 600400055239; БСН 911040000021; ЖСК KZ75125KZT1001300335 "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі" ММ; БЖК NBRKKZKX; резиденттілік белгісі – 1; экономика секторы – 4; 2) дивиденд төленетін кезең – күнтізбелік жыл; 3) бір артықшылықты акциға шаққандағы дивиденд көлемі – Банк акцияларының шығарылым Аңдатпасына сәйкес тиянақталған болып табылады да, теңгемен көрсетіліп, бір артықшылықты акцияға келесі формуламен есептеледі: 0.04 х дивиден төлеу датасына Банктің есептік бағамы. "Банктің есептік бағамы" деп Банктегі есептік бағам орнатылған күннен бір жұмыс күні бұрын Қазақстан қор биржасының таңертеңгілік (негізгі) сессиясында қалыптасқан теңгенің АҚШ долларына бағамын түсіну керек; 4) дивиденд төлеу басталатын күн – 2014 жылдың 12 желтоқсаны, Бактің артықшылықты акциялары бойынша дивиденд алуға құқылы акционерлердің тізімін құрастыру датасы – 2014 жылдың 12 қарашасы; 5) дивидендтер төлеу тәртібі мен формасы – қолма-қол ақшасыз, Банктің артықшылықты акцияларын ұстаушы – акционерлердің есеп- шоттарына ақша аудару арқылы жүзеге асырылады. Байланыс үшін: Майра Сабырова, Корпоративтік хатшы +7 (727) 258-52-21, E-mail: msaburova@kkb.kz Нұрсипатова Әлия,Инвесторлармен байланыс бөлімі +7 (727) 258-51-25, E-mail: investor_relations@kkb.kz Лариса Коковинец, Қоғамдық байланыс департаментінің директоры Тел.: +7 (727) 258-54-56, 258-53-92, E-mail: pr@kkb.kz ... [2014-12-08]