08 желтоқсаннан бастап KASE қайталама нарығы секторында "Казкоммерцбанк" АҚ KZP02Y05D707 (KZ2C00002863, KKGBb10) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

08.12.14 17:27
/KASE, 08.12.14/ – Қазақстан қор биржасы Басқармасының (KASE) шешімімен KASE қайталама нарығы секторында "Казкоммерцбанк" АҚ (Алматы) KZP02Y05D707 (KZ2C00002863; KASE ресми тізімі, "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздары" санаты, KKGBb10; 1 000 тенге, 60,0 млрд тенге; 12.11.14 – 12.11.19; жарты жылдық купон, жылдық 8,40 %; 30/360) облигацияларымен сауда-саттық ашылды. KASE сауда-саттық жүйесінде аталмыш облигациялардың баға белгілеуінің дәлдігі облигацияның номиналды құнынан пайызбен көрсетілген "таза" бағасының үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін деп белгіленді. Аталмыш облигациялар бойынша биржада маркет-мейкер міндеттерін "BCC Invest" еншілес ұйымы - "Банк ЦентрКредит" АҚ (Алматы) атқарады. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша 2014 жылдың 12 қарашасынан бастап енгізілген. Аталмыш облигациялар бойынша нақтырақ ақпарат KASE интернет- сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/kkgb мекен-жайы бойынша жарияланған. [2014-12-08]