"Казкоммерцбанк" АҚ 2014 жылдың тоғыз айындағы жұмыс нәтижесі туралы хабарлады

10.12.14 17:35
/KASE, 10.12.14/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Казкоммерцбанк" АҚ (Алматы) баспасөз- хабарламасын ұсынды: ... Казкоммерцбанк 2014 жылдың 30 қыркүйегіне аяқталған, аудитор шолуына сәйкес құрастырылған, шоғырландырылған қаржылық есептілікке негізделген 9 айдың жұмыс қорытындысы нәтижесін жариялады. 2014 жылдың бірінші жартыжылдығындағы негізгі көрсеткіштер: - Активтер 2013 жылдың соңына қарай 2 586 млрд. теңгеден 4 341 млрд. теңгеге яғни 59,8%-ға артты. - Депозиттер 2014 жылдың басынан 37,2% артып, 2 308 млрд. теңгеге жетті. - 1-ші деңгейдегі капитал баламалылығы коэффициенті 11,9% құрады. - Банктің жеке капиталының баламалылық коэффициенті 13,6% құрады. - Түзетілген таза пайыздық маржа 4,2%. - 2014 жылдың 9 айына банктің таза табысы 20 млрд. теңгені құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,4 млрд. теңге. - Клиенттердің ссудалары бойынша резервтеу мөлшерлемесі 59,0% құрады. ... Аталмыш ақпараттың толық нұсқасымен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/KKGB/kkgb_reliz_101214.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады. [2014-12-10]