2014 жылдың 12 желтоқсанынан бастап "KazPetroDrilling" АҚ KZ1C58880010 (KZ1C00000777, KZPD) облигациялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты эмитент бастамасымен KASE ресми тізімінен шығарылды

12.12.14 11:03
/KASE, 12.12.14/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2014 жылдың 12 желтоқсанынан бастап "KazPetroDrilling" АҚ (Алматы) KZ1C58880010 (KZ1C00000777, KZPD) жай акциялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды деп хабарлайды. KASE 2014 жылдың 05 желтоқсанындағы қорытындысында "Шымкентмай" АҚ төмендегі құжаттарды алғаны анықталды: - 2014 жылдың 04 желтоқсанындағы аталмыш акциялардың ерікті түрде делистингіленуі туралы өтініші; - "KazPetroDrilling" АҚ аталмыш акцияларын ұстаушылардың 2014 жылдың 27 қарашасындағы жағдай бойынша акцияларды ұстаушылар тізбесінің көшірсмесіне сәйкес "DOSTAR OIL SERVICE" ЖШС ( Алматы қ; "KazPetroDrilling" АҚ орналастырылған акциялардың жалпы санынан 70 % ), "EUROASIA CONSTRUCTION" ЖШС (Алматы қ; 15 %) және Сәттібаев Ескендір Хамтович (Алматы қ; 15 %) акционерлері болып табылады; - аталмыш акцияларды делистингілеу туралы шешім қабылданған 2014 жылдың 28 қарашасындағы "KazPetroDrilling" АҚ кезектен тыс жалпы жиналысының шешімінің хаттамасынан үзінді көшірмесі; Жоғарыда айтылған негізінде және биржаның "Листингілік ережелерінің" 19 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес аталмыш акциялар делистингілеуге жатты. Аталмыш акциялар KASE ресми тізімінің үшінші санатына 2012 жылдың 01 маусымынан бастап енгізілді. Олармен сауда-саттық 2012 жылдың 24 тамызынан бастап ашылды. Аталмыш акциялардың айналымдағы уақытында олармен мәміле жасалған жоқ. [2014-12-12]