KASE таңертеңгілік сессиясы: USDKZT_TOD = 182,05 (0), CNYKZT_TOD = 29,2800

22.12.14 11:26
/KASE, 22.12.2014/ – Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_ TOD) АҚШ доллары бойынша, есептесуі T+0 теңгемен (EURKZT_TOD) еуро бойынша және есептесуі T+0 АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро бойынша, қытай юанімен есептесуі T+0 теңгемен (CNYKZT_TOD) таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 25 мүшесі қатысты. Есептесуі T+0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 182,05 теңгені (+0 теңге), ал сауда-саттық көлемі – 712 700 мың (+167 200 мың) АҚШ долларын құрады. Есептесуі T+0 теңгемен еуроның орташа сараланған бағамы бір еуроға 224,95 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі – 800 мың еуро болды Есептесуі Т+0 АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылу сәтіне баға белгілеулер тіркелген жоқ. Есептесуі T+0 теңгемен қытай юані бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылу сәтіне сұраным бір қытай юаніне 29,2800 теңгені, сауда- саттық көлемі – 800 мың юаньді құрады. Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді. [2014-12-22]