"БАСТ" АҚ KZ1C59680013 (KZ1C00001015, BAST) жай акциялары желтоқсаннан бастап KASE ресми тізіміне үшінші санат бойынша енгізілді

22.12.14 17:47
/KASE, 22.12.14/ – Бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2014 жылдың 11 желтоқсанындағы шешімімен "БАСТ" АҚ (Қарағанды) KZ1C59680013 (ISIN – KZ1C00001015) жай акциялары KASE ресми тізіміне үшінші санат бойынша енгізілді Листингілік комиссияның осы шешімі 2014 жылдың 22 желтоқсанынан бастап эмитенттің "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағында белгіленген шарттарды орындағаннан кейін өз күшіне енді. KASE аталмыш акциялардың сауда-саттығы ашылуы туралы қосымша хабарланады. "БАСТ" АҚ қаржылық кеңесшісі "Банк ЦентрКредит" АҚ Еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларға BAST қысқартылған (сауда-саттық коды) берілді. Аталмыш акциялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпаратты KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/bast мекен-жайы бойынша жарияланған. [2014-12-22]