"Алматыэнергосбыт" ЖШС 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап электр энергиясын босату бағасын көтеретіні туралы хабарлады

12.01.15 12:02
/KASE, 12.01.15/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Алматыэнергосбыт" ЖШС (Алматы), биржаға жолдаған ресми хатында былай деп мәлімдеді: цитата басы Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Шекті тарифтерді белгілеу туралы" 2009 жылдың 25 наурызындағы № 392 Қаулысына сәйкес, 2015 жылдың 01 қаңтарынан бастап төмендегі энергия өндіруші ұйымдар электр энергиясына босату бағасын көтеретіні туралы хабарлады: Солтүстіктегі энергия көздері - 8,8 теңгеге дейін (10%); "Алматы электр станциялары" АҚ - 8,6 теңге (5%); Жамбыл ГРЭС-і – 8,7 теңгеге дейін (2%). Сонымен қатар, электр энергиясын "KEGOC" АҚ желілері арқылы тарату 33%-ға, "АЖК" АҚ өңірлік деңгей желілері арқылы тарату 4%-ға өсті. Сондай-ақ, электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру 0,083 теңге/кВтсағ өсті, бұл алдыңғы бекітілген тарифтің 22%-ға өскені. Электр энергиясының сатылу тарифінің негізгі бөлігін - нарықтағы бағасы құрайтындықтан, "АлматыЭнергоСбыт" ЖШС электр энергиясын тұтынушыларына тарифтің 7,5%-ға өзгеретінін хабарлайды. 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Алматы қаласы және Алматы облысының тұтынушылары үшін төмендегі тарифтер қолданылады: Электр энергиясын көлеміне қарай пайдаланатын тұрмыстық тұтынушылар үшін дифференциалды тарифтер (12%-ҚҚС есептегенде) - бірінші деңгейлі тариф – 1 кВт.сағ. 15,43 теңге - екінші деңгейлі тариф – 1 кВт.сағ. 20,90 теңге - үшінші деңгейлі тариф – 1 кВт.сағ. 26,13 теңге Тәулік мезгілі бойынша сараланған тариф, (12%-ҚҚС есептегенде) Екі зоналы есептеу жүйесі бойынша: күндізгі тариф (с 7-00 до 23-00) – 1 кВт.сағ. 22,33 теңге түнгі тариф (с 23-00 до 7-00) – 1 кВт.сағ. 4,92 теңге Үш зоналы есептеу жүйесі бойынша: күндізгі тариф (7-00-ден 19-00-ге дейін) – 1 кВт.сағ. 17,42 теңге ең жоғарғы деңгейдегі тариф (19-00-ден 23-00-ге дейін) – 1 кВт.сағ. 36,48 теңге түнгі тариф (23-00-ден 07-00-ге дейін) – 1 кВт.сағ. 4,92 теңге цитата соңы [2015-01-12]