"БТА Банкі" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы "Лондон-Алматы" сақтандыру компаниясы" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2015 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

23.01.15 11:14
/KASE, 23.01.15/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "БТА Банкі" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы "Лондон-Алматы" сақтандыру компаниясы" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акционерлерінің тізілім жүйесінің 2015 жылдың 01 қаңтарындағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған (тек KZ1C39700014 жай акциялары) акцияларының жалпы саны 1 500 000 дананы құрайды; - компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған; - банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "БТА Банкі" АҚ (Алматы) болып табылады, оның иелігінде компанияның 1 497 946 жай акциясы (компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан 99,86 %) бар. [2015-01-23]