/ҚАЙТАЛАУ/ KASE ӨЗІНІҢ ОҚЫТУ ИНТЕРНЕТ-САЙТЫНДА "БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫҢ САУДА-САТТЫҒЫНА ӨЗІН-ӨЗІ ҮЙРЕТУ" ОҚУ ҚҰРАЛЫН ОРНАЛАСТЫРДЫ

02.03.15 10:26
/KASE, 02.03.2015, 26.12.14 жаңалығын қайталау/ – Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік бойынша іс-шараларды жүзеге асыру шегінде (Corporate Social Responsibility) және тұрғындар арасында инвестициялық мәдениет пен қарджылық сауаттылықты арттыру мақсатында "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) өзінің оқыту интернет-сайтында http://edu.kase.kz/ru/tutorial мекен-жайы бойынша "Бағалы қағаздардың сауда-саттығына өзін-өзі үйрету" оқу құралын орналастырды. Оқу құралында биржада сауда-саттық жүргізуге қолжетімді негізгі қаржы құралдарына шолу жасалып, бағалы қағаздар нарығымен байланысты негізгі түсініктерге анықтамалар берілген, күрделі және техникалық талдау әдістері жан-жақты сипатталып, қандай да бір қаржы құралдарына инвестициялаумен байланысты сақтандыру мен тәуекелдің түрлі стратегиялары көрсетілген. Корпоративтік басқару сұрақтарына ерекше көңіл бөлінген. Оқу құралы, саны күннен күнге өсіп келе жатқан, әлеуетті жеке инвесторларға арналған, сондай-ақ бастаушы инвесторлармен қатар, қаржы құралдарының сауда-саттығында тәжірибесі бар тұлғаларға пайдалы анықтамалық құрал бола алады. Оқу құралы "ИРБИС" ақпарат агенттігінің интернет-сайтының Глоссарий бетінде http://fininfo.kz/iris/glossary-item/516873 мекен-жайы бойынша қолжетімді. [2015-03-02]