2015 ЖЫЛДЫҢ 10 НАУРЫЗЫНАН БАСТАП ЖАҢА KASE САУДА-САТТЫҚ НҰСҚАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

02.03.15 12:24
/KASE, 02.03.15/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2015 жылдың 10 наурызынан бастап KASE жаңа сауда-саттық нұсқасы іске қосылады (2.38.2 нұсқасы). Сауда-саттықтың жаңа нұсқасында төмендегі негізгі өзгерістер енгізілді: 1. растау жүйесін пайдаланушылары бақылау жасайтын шоттардағы репо өтінімдерін қамтамасыз етуді тексеру тетігі іске асырылды; 2. қор секциясы шоттарының қаржы позицияларын тазарту рәсімі өзгертілді; 3. алдыңғы нұсқаларда анықталған дәлсіздіктер мен кемшіліктер түзетілді. Сауда-саттық жүйесі терминалының жаңа нұсқасын http://www.kase.kz/ru/downloads сілтемесінен көшіруге болады. Сауда-саттықтың жаңа нұсқасының кемшіліктер мен іске қсылмау жағдайлары туралы (немесе болмауы туралы) мына электрондық поштаға ts@kase.kz немесе (727) 237 60 23 телефонына хабарласуға болады. [2015-03-02]