"КоЖаН" АҚ жалғыз акционері "Еуразиялық банк" АҚ келісім бойынша несие желісін ұзарту туралы шешім қабылдады

13.03.15 14:55
/KASE, 13.03.15/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "КоЖаН" АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына (KASE), ресми хатпен төмендегіні хабарлады: цитата басы "КоЖаН" АҚ Қоғамның жалғыз акционерінің 2015 жылдың 19 ақпанындағы шешімін өзгерту үшін, "КоЖаН" АҚ жалғыз акционері –"INTERNATIONAL MINERAL RESOURCES II B.V." (ИНТЕРНЭШНЛ МИНЕРАЛ РИСОРСИЗ II Би.Ви.) компаниясы 17.04.2012 ж № 285 несие желісі бойынша "Еуразиялық банк" АҚ несие желісі мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдады. цитата соңы [2015-03-13]