/KASE, 19.03.15/ – Бұрын хабарлағандай, бүгін Қазақстан қор биржасы
(KASE) KASE сауда-саттық жүйесінде KZP01Y05E848 (KZ2C00003044,
KASE ресми тізімі, "квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бағалауы бар
борыштық бағалы қағаздар" санаты, KZTKb3; 1 000 теңге, 21,0 млрд теңге;
26.12.14 – 26.12.19; тиянақталған жарты жылдық купон, жылдық 7,50 %;
30/360) "Қазақтелеком" АҚ (Астана) бойынша төменде берілген шарттар
бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі.
---------------------------------------------------------------------
Бағалы қағаздар тұрпаты: купондық облигациялар
Ұлттық сәйкестендіру нөмірі: KZP01Y05E848
ISIN: KZ2C00003044
Шығарылымның реттік саны: KZTKb3
Номиналдық құны, теңге: 1 000,00
Шығарылым көлемі, млн теңге:
– тіркелген: 21 000,0
– орналасқан: –
Айналыста болудың алғашқы күні: 26.12.14
Айналыста болудың соңғы күні: 25.12.19
Өтеуді бастаған күн: 26.12.19
Айналыста болу мерзімі: 5 жыл (1 800 күн)
Купондық мөлшерлеме: жылдық 7,50 %
Купонды төлеу мерзімділігі: жылына 2 рет
Купонды төлеу күні: 26 желтоқсанда және
26 шілдеде
Уақыттық базасы: 30 / 360
--------------------------------------------- -----------------------
Сауда-саттық күні: 19.03.15
Өтеуге дейінгі мерзім: 4,8 жыл (1 717 күн)
Номиналы бойынша жарияланған көлемі, 10,0
млн.теңге:
Сауда-саттық заты: "таза" баға
Сатуға өтінім түрлері: нарықтық және
шектелімді
Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру дәрежесі,
%: 70
Өтінім беру тәсілі: жабық
Өтінімдерді қабылдау уақыты: 11:30–12:00
Өтінімдерді растау уақыты: 11:30–12:30
Кесім уақыты: 14:30
Төлеу уақыты: 19.03.15
Төлем уақыты: 13:00 (Т+0) дейін
Өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі: кесімді баға бойынша
Сауда-саттық жүргізуші бастамашысы: "Казкоммерц
Секьюритиз" АҚ
("Казкоммерцбанк" АҚ
еншілес ұйымы) (Алматы)
Сауда-саттық жүйесі секторы Debts_List_ST1
Сауда-саттық жүйесі тобы Q_Gov_ST1
---------------------------------------------------------------------
Өтінімде баға ретінде, бағалы қағаздың номиналды құнынан пайызбен,
үтірден кейінгі төртінші таңбаға дейін дәлдікпен, көрсетілген облигацияның
"таза" бағасы (жинақталған сыйақысын қоспағандағы) көрсетілуі тиіс.
Өтінімдегі қаржы құралдарының саны ретінде облигациялардың саны
данамен белгіленуі тиіс.
Өтінімнің көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялардың саны мен
бір облигацияның "таза емес" бағасына көбейтіндісі (сыйақысын қосқандағы)
теңгемен көрсетілуі тиіс. Мәміленің көлемі,
http://www.kase.kz/files/normative_base/bond_yield_kaz.pdf мекен-жайы
бойынша жарияланған, облигациялар кірістілігін және облигациялармен
жасалатын мәмілелер сомасын есептеу әдістемесінің 3 тарауының
14 бабына сәйкес есептеледі.
Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ ережелер
жиынтығына сәйкес жүзеге асырылады. Бағалы қағаздардың сатып
алушысы сатып алынған бағалы қағаздарға төленетін ақшаның кестеде
көрсетілген төлеу уақытқа "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ
корреспонденттік шотында бар болуын қамтамасыз етуі тиіс.
Сауда-саттыққа қатысуға тек KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер бере
алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады.
Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінімдер бере алады.
KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі
http://www.kase.kz/kz/membership
мекен-жайы бойынша жарияланған.
Аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасымен
http://www.kase.kz/ru/bonds/show/KZTKb3 мекен-жайы бойынша танысуға
болады.
[2015-03-19]