KASE индекстелмеген МБҚ нарықтық бағалауын жүзеге асыру үшін қажетті Базалық кезеңнің ұзақтылығын ұзартты

26.03.15 11:06
/KASE, 26.03.15/ – Қазақстан қор биржасының Индекстер және бағалы қағаздарды бағалау комитетінің (бұдан әрі - Комитет) шешімімен 2015 жылдың 26 наурызынан бастап Қазақстан Республикасының мемлекеттік индекстелмеген облигацияларының (бұдан әрі – МБҚ) бірінші тобына жататындардың (өтеуге дейін 3 000 және одан аса күн қалған индекстелмеген МБҚ) нарықтық бағалауын жүзеге асыру мақсатында, бағалау датасына дейінгі, 240 күнтізбелік күн барысында және екінші тобына жататындардың (өтеуге дейін 2 000 және одан аса күн қалған индекстелмеген МБҚ) бағалау датасына дейінгі, 210 күнтізбелік күн барысында жасалған мәмілелердің параметрлері қолданылады. Бағалы қағаздарды бағалау әдістемесіне сәйкес, индекстелмеген МБҚ өтелуіне кірістілігі бойынша бағаланып, оның мәні әр бағалы қағаздың өтелуіне дейінгі мерзіміне қарай белгіленген қосалқы топтар шегінде анықталатынын еске саламыз. Бұл ретте, өтелуіне кірістілігінің мәні өтеуге дейінгі қалған күндер санына байланысы полиноминалды трендтің бір теңдеуімен дәлірек сипатталатын, бағалы қағаздар бір топқа енгізіледі. Әр топ үшін полиноминалды трендтің теңдеуі, осы таптағы МБҚ-мен биржада бағалау датасының алдында белгілі уақыт аралығында (бұдан әрі және тақырыптамада – Базалық кезең) барысында жасалып, орындалған мәмілелердің параметрлерін жуықтату арқылы анықталады, оның ұзақтылығы Комитетпен орнатылады. Базалық кезеңнің ұзақтылығын Комитет мынадай шарттармен белгілейді: Базалық кезең 60 күнтізбелік күннен кем емес 360 күнтізбелік күннен аспауы тиіс, оның ұзақтылығы күнмен көрсетіліп, 30-еселік болуы тиіс, кезең, осы қосалқы топқа кіретін, МБҚ үшін 25 нәтижелі күнді қамтуы тиіс. 2015 жылдың 26 наурызына дейін екінші топтағы индекстелмеген МБҚ нарықтық бағалауын жүзеге асыру мақсатында, бағалау датасына дейінгі 210 күнтізбелік күн, екінші тобы – 180 күнтізбелік күн барысында олармен жасалған мәмілелердің параметрлері қолданылған. Әдістеменің 20 тармағының 2 та