"Казкоммерцбанк" АҚ KZ2CKY10B513 (KZ2C00000750, KKGBb4) облигациялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

26.03.15 12:32
/KASE, 26.03.15/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2014 жылдың 30 желтоқсанынан бастап "Казкоммерцбанк" АҚ (Алматы) KZ2CKY10B513 (KZ2C00000750, KASE ресми тізімі, "рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санаты, KKGBb4; 10 000 теңге, 7,0 млрд теңге, 25.03.05 – 25.03.15, инфляция деңгейі бойынша индекстелген жарты жылдық купон, жылдық 7,00 %, 30/360) облигацияларының айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды деп хабарлайды. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне 2005 жылдың 25 наурызынан бастап енгізіліп, 2008 жылдың 01 қыркүйегінен бастап KASE ресми тізіміне "рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының бірінші санатшасына ауыстырылды, 2015 жылдың 01 қаңтарынан бастап " басқа да борыштық бағалы қағаздар" санатына ауыстырылды. Олардың сауда- саттығы 2005 жылдың 14 сәуірінен бастап ашылған. Аталмыш облигациялардың биржада айналыста болу мерзімінде олардың сатып алушы үшін өтелуіне кірістілігі (ашық сауда-саттық әдісімен жасалған мәмілелер бойынша) жылдық 6,00 ден және 24,50 % аралығында құбылды. [2015-03-26]