"Казкоммерцбанк" АҚ Директорлар кеңесі мен Банк басқармасындағы өзгерістер туралы хабарлады

31.03.15 17:11
/KASE, 31.03.2015/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Казкоммерцбанк" АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына (KASE), баспасөз-хабарламасын ұсынды: цитата басы "Казкоммерцбанк" АҚ директорлар Кеңесі бүгін директорлар Кеңесінің (ДК) және басқарманың жаңа мүшелерін сайлау туралы шешім қабылдады. Директорлар Кеңесінің отырысының нәтижесі бойынша, бүгін, жақында директорлар Кеңесіне тәуелсіз директор ретінде кірген Марк Хольцман банктің директорлар Кеңесінің жаңа төрағасы болып сайланғаны хабарланды. Банктің негізін қалаушы Нұржан Сұбханбердин болса Қазкоммерцбанктің ірі акционері ретінде қалады. Басқарма төрайымы және директорлар Кеңесінің мүшесі Нина Жүсіпова енді өз қызметін директорлар Кеңесінде директорлар Кеңесінің мүшесі ретінде жалғастыратын болады. Басқарманың жаңа төрағасы болып, 2002 жылдан бері Қазкоммерцбанктің Басқарушы директоры қызметін атқарып келген Мағжан Әуезов сайланды. Директорлар Кеңесінің бұл шешіміне Нұржан Сұбханбердин былай деді: "Бүгінгі күні Қазкоммерцбанктің Қазақстанда және Орталық Азияда ең ірі қаржы институты болғанына мен ризамын. Мен директорлар Кеңесіндегі өз әріптестеріме және банктің қазіргі ұжымына, сондай-ақ ертеде Казкомда қызмет атқарғандарға қолдау көрсеткендеріне өз алғысымды білдіремін". Сонымен қатар, ол Хольцман мырзаға директорлар Кеңесін басқаруда табысқа жетуге тілек білдірді. "Марк Хольцман экономикасы дамып келе жатқан елдерде жұмыс істеген және тәжірбиесі мол, сондай-ақ ол қазақстандық капитал нарығының дамуына өз септігін тигізген алғашқылардың бірі. Сонымен қатар, біз Хольцман мырзаның Barclays Capital және ABN AMRO-да вице-президенті қызметі кезінде алған құнды білімдері мен тәжірбиелері Қазкоммерцбанктегі корпоративтік басқаруды әлемнің үздік тәжірбиелерінің дәрежесінде қолдауды қамтамасыз ететініне сенеміз". Директорлар Кеңесінің жаңа басшысы Марк Хольцман өз кезегінде: "Маған сенімділік танытқан Нұржан Сұбханбердинге деген менің алғысым шексіз. Оның аты Қазкоммерцбанктің құрылуы мен тәуелсіз Қазақстанда жас кәсіпкерлер буынның пайда болуымен сабақтасады. Ол өз ісіне асқан банктік бизнеспен қатар, өзінің деген арманына сенімділік пен мақсаттылықтың дәлелін көрсете алған азамат. Банк қашанда оның тумасы болып қала береді және біз енді оның жұмысын акционер ретінде көре аламыз. Мен сондай-ақ, банкті 12 жыл бойы қатарынан басқарып келген Нина Жүсіпованың кәсіптілігі мен батылдығына таңданамын. Және мен енді оның директорлар Кеңесінің жұмысына басты назар аударатынына қуаныштымын. Оның тәжірбиесі, банк жұмысының қыр-сырын білуі банк алдында тұрған стратегиялық мақсаттардың шешімін табуда жоғары бағаланады. Банктің жаңа Басқарма Төрағасын тағайындауда біз үшін оның тәжірбиесі мен сабақтастығы маңызды еді. Әуезов мырза банктегі жұмыстың қиын салаларында жұмыс істеген Казкомның командасымен кәсіптілігі өскен азамат. БТА Банкпен бірігу процесі ол үшін үлкен сынақтама және ол оны өзінің әріптестерімен ойдағыдай, табысты атқаруда», - деді. Банк Басқармасының басқа мүшелері өзгеріссіз қалды. Сонымен қоса, директорлар Кеңесі 2015 жылғы мамырда акионерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыруға шешім қабылдады. Бұл жиналыста директорлар Кеңесінің жаңа мүшесін сайлау туралы сұрақ қаралатын болады. Директорлар Кеңесінің жаңа мүшесі ретінде Қазкоммерцбанк Басқармасының жаңа Төрағасы Мағжан Әуезов кіреді деп күтілуде. "Казкоммерцбанк" АҚ Қазақстан нарығында 24% үлесі бар ірі қаржы институты болып табылады. Байланыс үшін: Әлия Нұрсипатова, Алма Бұйрақұлова, Инвесторлармен байланыс жөніндегі бөлім +7 (727) 258-51-25, E-mail: investor_relations@kkb.kz Лариса Коковинец, Бұқарамен байланыс департаментінің директоры Тел.: +7 (727) 258-54-56, 258-53-92, E-mail: pr@kkb.kz цитата соңы [2015-03-31]