"ЛОГИКОМ" АҚ ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзірлеу және оны сатуға лицензияларды қайта ресімдеу туралы хабарлады

13.04.15 15:15
/KASE, 13.04.15/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ЛОГИКОМ" АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына (KASE), ресми хатпен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 2015 жылдың 30 наурызындағы ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзірлеу және оны сатуға арналған №107 лицензиясын қайта ресімдегені туралы хабарлады. [2015-04-13]